Фото: gov.kz.
Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары подполковник Жандос Күлдербаев мерейтой иесіне Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың құттықтау хаты мен естелік сыйлықтарды табыстады.
Зәкір Мұсаев 1925 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Ескі Иқан ауылында дүниеге келген. 1943 жылы Зәкір Мұсаев әскер қатарына шақырылып, Петропавлда 44-ші полкте қызмет етті. Сол жылдың қыркүйегінде өз еркімен майданға аттанады. Соғыста екі рет жарақат алды. Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және 13 жауынгерлік медальмен марапатталған.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәлім етуінше соғыстан кейін Зәкір Мұсаев 1950 жылға дейін Дрездендегі НКВД ғимаратында күзет бөлімінде қызмет етті. Туған жеріне оралып, алдымен Калинин атындағы колхозда, содан кейін партияның XXIII съезі атындағы кеңшардың Иқан мақта станциясында есепші болып жұмыс істеп, 1985 жылы зейнетке шықты. Төрт қыз, бір ұлы бар.
Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан он ардагер қалды.