ПЕТРОПАВЛ. 4 ақпан. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың жұмыс сапары бүгін Солтүстік Қазақстан облысында жалғасты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Б.Сапарбаевтың қатысуымен Петропавл қаласында өткен алқалы бас қосуға министрліктер мен ұлттық компаниялардың өкілдері, жергілікті ірі кәсіпорындар, агроқұрылымдар, ведомостволар, салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысып, әлемде орын алып отырған қаржы дағдарысына қарсы пәрменді күрес жүргізу жолдарын талқыға салды.
Жиынды аймақ басшысы Ерік Сұлтанов кіріспе сөзбен ашып, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жайынан хабардар етті.
Бердібек Машбекұлы Елбасы Үкімет пен атқарушы билік орындары алдына халықтың өмір сапасын жақсарту, әлеуметтік міндеттемелерді мүлтіксіз орындау міндеттерін қойғанын, бұл жолда барлық ұйымдастырушылық, табанды жұмыс шараларын барынша жұмылдыру қажеттігін, Жолдау тапсырмаларын орындаудың міндеттілігін атап көрсетті.
Облыс әкімінің орынбасары Мұрат Әукенов, Петропавл ауыр машина жасау зауытының бас директоры Қуаныш Бишімов, ауыл шаруашылығы кешені кәсіподақ комитетінің төрағасы Альфред Мавлютов қаржылық қиындықтарды еңсеру, алдын алу шараларына қатысты ой-ұсыныстарын ортаға салды.
Жиын соңында облыстық әкімдік, кәсіподақ және ірі кәсіпорындар мен ұлттық компаниялар арасындағы тығыз қарым-қатынасқа негізделген жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздық деңгейін кеміту, адамдардың құқықтық кепілдемелерін қамтамасыз ету, еңбек қатынастарындағы тұрақтылықты сақтау мүдделерін көздейтін 14 меморандумға қол қойылды. Олардың құны 18 миллиард теңгені құрайды.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сурет: «ҚазАқпарат».
• 04 Ақпан, 2015
Премьер-министрдің орынбасары Солтүстік Қазақстанға келді

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше