Аймақтар • 05 Қаңтар, 2025

Шымкентте мемлекеттік сатып алу саласында құқық бұзушылықтар анықталған

59 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде тексеріс жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте мемлекеттік сатып алу саласында құқық бұзушылықтар анықталған

Фото: Ашық дереккөз

Тексеріс барысында қаралатын шағымдар бойынша шешімдер қабылдау кезінде жекелеген әлеуетті өнім берушілерге артықшылық беру, бір көзден шарттар жасасуда негізсіз келісу, аудиторлық іс-шаралар барысында анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдамау, сондай-ақ енгізілген хабарламаларды орындамау жөнінде фактілер анықталған.

«Қолданыстағы заңнама нормаларын бұзу бойынша 59 факт, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылық белгілері бар 52 бұзушылық анықталған», делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен 6 лауазымды тұлға, оның ішінде Департамент басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылған.