Сенат • 05 Қаңтар, 2025

Сенаторлар цифрландырудың артықшылығы мен қаупі туралы мәселелерді талқылады

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Дархан Қыдырәлі мен Әлішер Сатвалдиев «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ ұжымымен кездесті. Онда цифрландырудың болашағы, жасанды интеллекті қолданудың артықшылығы мен нейрожелілердің дамуы туындататын қауіптер туралы пікірлер ортаға салынды. Мемлекет басшысы осы мәселелерді «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында атап өткен еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар цифрландырудың артықшылығы мен қаупі туралы мәселелерді талқылады

Парламентшілер Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық үйлестіру орталығы мен Телекоммуникация желілерін басқару орталығының және Компьютерлік инциденттерге әрекет ету ұлттық қызметі мен зиянды кодты зерттеу орталығының жұмыс барысымен және нәтижелерімен танысты.

«Цифрлық технология елімізде кеңінен таралып жатыр және күнделікті өмірімізге ене бастады. Алайда, жетістіктермен қатар киберкеңістіктегі қауіп-қатер де көбейіп келеді. Осыған байланысты техникалық инфрақұрылымды жетілдіру, заңнаманы бейімдеу, білім беру бағдарламасын дамыту, жасанды интеллекті жауапкершілікпен енгізу сияқты кешенді шараларды қабылдау қажет. Мемлекет басшысы бұл мәселеге ерекше назар аударып отыр», деп атап өтті Дархан Қыдырәлі.

Депутаттар Сенаттың заң шығару қызметі туралы хабардар етті. Сондай-ақ ұйым қызметкерлерімен кибергигиенаны дамыту, киберқауіпсіздікті арттыру үшін заңнамалық негіздерді қалыптастыру мәселесін де егжей-тегжейлі талқылады.

Соңғы жаңалықтар

Қоныстой берекесі

Қоғам • Бүгін, 11:23

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 11:07

Қала мен дала қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 11:00