04 Ақпан, 2015

Маңғыстауда күзде жоғалған әйелдің мүрдесі табылды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1jqRp9DtjusАҚТАУ. 4 ақпан. Маңғыстау облысында күзде хабар-ошарсыз кеткен 65 жастағы әйел адамның өлі денесі табылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ауылдан қашық емес тұста әйел адамның денесі жатқандығын Қарақия аудандық ішкі істер бөліміне ауыл тұрғыны хабарлаған. Жетібайдан 8 шақырым жерде жатқан әйел адамның 2014 жылдың қараша айында хабарсыз кеткен аталған кенттің тұрғыны екені анықталған. Құқық қорғау орындарына сілтеме жасаған «Лада» порталының хабарлауынша, ішкі істер саласы қызметкерлері әйел денесінде күштеп өлтіру белгілері жоқтығын айтқан. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет: vk.com.