Әлем • 06 Қаңтар, 2025

Ильхам Әлиев ұшақ апатына айыптыларды жазалауды талап етті

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Әзербайжан Президенті ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің отбасыларымен және аман қалған стюардессалармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап.

Ильхам Әлиев ұшақ апатына айыптыларды жазалауды талап етті

Фото: azertag.az

«Осы апаттан (Ақтаудағы ұшақ апаты – ред.) Әзербайжан азаматтарының қаза болуына Ресей Федерациясының өкілдері кінәлі деп сеніммен айта аламын. Ал біз әділдікті, кінәлілердің жазалануын талап етеміз», деді Ильхам Әлиев.

Ильхам Әлиев қазір қара жәшіктерді ашу процесі жүріп жатқанын атап өтті.

«Жақын арада біз алдын-ала нәтижені білетінімізге сенімдімін және бәрі өз орнына келеді, болған трагедияның бүкіл көрінісі белгілі болады. Бұл, әрине, осы трагедияны толық тергеу және ондағы кінәлілерді жазалау ісіндегі маңызды сәт болады», деді Әзербайжан Президенті.

Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында, Баку-Грозный рейсін орындаған AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам аман қалды.