Спорт • 06 Қаңтар, 2025

Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға Қазақстаннан 103 студент қатысады

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық университеттік спорт федерациясының (FISU) жарыс кестесіне сәйкес қаңтардың 13-23 күндері Италияның Турин қаласында жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиада өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға Қазақстаннан 103 студент қатысады

Фото: gov.kz

Оған әлемнің 57 елінен 2000-ға жуық спортшы қатысады. Жарыста спорттың 11 түрінен 90 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Еліміздің намысын 10 спорт түрінен (биатлон, шаңғы жарысы, қысқы спорттық бағдарлау, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей (ерлер, әйелдер), парашаңғы жарысы, тау шаңғысы жарысы, шорт-трек) 103 спортшы қорғайды.

Дүниежүзілік ХХХІІ қысқы универсиаданың салтанатты ашылу рәсімі 13 қаңтар күні сағат 19:30-да Турин қаласындағы «Inalpi Arena»-да өтсе, жабылу рәсімі 23 қаңтарда сағат 20:00-де өтеді.

Универсиаданың мақсаты – жастар мен жасөспірімдерді спортқа ынталандыру, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ жастардың белсенді өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше Қазақстан студенттік құрама командасы ең үздік нәтижені 2017 жылы Алматыда өткен универсиадада көрсетіп, жалпы медаль есебінде екінші орын 36 медаль (11 алтын, 8 күміс, 17 қола) жеңіп алған.

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35