2014 жылғы 11 сәуір №100 Астана қ. 2014 жылғы 12 сәуір №107/НҚ Астана қ.
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ
Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге
қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 25-тармағына сәйкес бұйырамыз:
1. Қоса беріліп отырған Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті (Ж.Н. Шаймарданов), Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Өңірлердің мониторингі және бағалау департаменті (А.С. Батанов):
1) осы бірлескен бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін, оның күнтізбелік 10 күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) осы бірлескен бұйрықтың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізілуін;
4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің интернет-ресурстарына және мемлекеттік органдардың Интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетттік жоспарлау вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға және Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Өңірлік даму министрі
Е. ДОСАЕВ. Б. ЖӘМІШЕВ.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетік жоспарлау министрінің
2014 жылғы 11 сәуірдегі № 100 және
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы 12 сәуірдегі № 107/НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілді
Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістеме
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесін (бұдан әрі – Бағалау жүйе ) іске асыру мақсатында әзірленген.
2. Әдістеме бағаланатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) қадағаланатын саланы/аяны/өңірді дамытуға бағытталған шараларының тиімділігін айқындауға арналған.
3. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау (бұдан әрі – Тиімділікті бағалау) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бекітетін Мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне жыл сайынғы бағалау жүргізу кестесіне сәйкес (бұдан әрі – Бағалау кестесі) жүзеге асырылады.
4. Тиімділікті бағалауды мынадай мемлекеттік органдар (бұдан әрі – бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар):
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрі – Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) –мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиімділігін бағалауды қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалауды;
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган) – жергілікті атқарушы органдардың тиімділігін бағалауды;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиімділігін бағалауды;
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
5. Орталық мемлекеттік органдардың тиімділігіне бағалау жүргізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Бағалау жүйесiнің шеңберінде бағыттар бойынша тиімділікті жалпы бағалау нәтижелері туралы сараптама қорытындысын қалыптастыру жөніндегі сараптама комиссиясының (бұдан әрі - Сараптама комиссиясы) жұмыс органының кіші тобы болып табылатын, лауазымды тұлғалардан тұратын Кіші жұмыс тобын (бұдан әрі - Кіші жұмыс тобы) құрады.
6. Жергілікті атқарушы органдардың тиімділігіне бағалау жүргізу үшін өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган Бағалау жүйесiнің шеңберінде «Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру» бағыты бойынша Тиімділікті бағалау нәтижелері туралы сараптама қорытындысын қалыптастыру жөніндегі сараптама комиссиясының жұмыс органының кіші тобы болып табылатын лауазымды тұлғалардан тұратын Кіші жұмыс тобын құрады.
2. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалауға арналған ақпарат көздері
7. Тиімділікті бағалау:
орталық мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының, оның ішінде 2, 3 және 6-бөлімдері;
орталық мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есептің;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтарды дамыту бағдарламаларының (бұдан әрі – Аумақтарды дамыту бағдарламасы) оның ішінде 2 және 4-бөлімдері;
Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы есептің;
статистикалық және ведомстволық деректердің;
басқа да көздер (болған жағдайда) негізінде жүзеге асырылады.
8. 5 және 6-тармақтарда көрсетілген Кіші жұмыс топтары бағаланатын мемлекеттік органдардың есепті ақпаратына олардың дұрыстығы тұрғысынан талдау жүргізеді.
9. Деректердің дұрыстығы статистикалық деректермен, бәсекеге қабілеттіліктің халықаралық көрсеткіштерімен, сондай-ақ салалық орталық мемлекеттік органдардың деректерімен расталады.
3. Бағаланатын мемлекеттік органдардың есепті ақпаратында қамтылған деректерді қайта тексеру
10. Бағалау жүйесiнің 51-тармағына сәйкес бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар бағаланатын мемлекеттік органдардың есепті ақпаратында қамтылған деректерді қайта тексеруді жүзеге асырады (бұдан әрі - Қайта тексеру).
11. Қайта тексеру мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының/ Аумақтарды дамыту бағдарламасының тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу бойынша ақпараттың дұрыстығын айқындау тұрғысынан жүргізіледі.
12. Стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының тікелей нәтижелерін қайта тексеру растайтын құжаттарды жинау және талдау (ведомстволық есептер, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер актілері, хаттамалар, хаттар және басқалары) жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
13. Стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының түпкілікті нәтижелерін қайта тексеру статистикалық деректерді, ведомстволық есептерді және өзге де қосымша ақпаратты талдау негізінде жүзеге асырылады.
14. Қайта тексеру рәсімі бағаланатын мемлекеттік органдардан растайтын құжаттарды сұраудан, есепті ақпаратты салыстырып тексеруден, осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Есепті ақпаратта қамтылған деректерді қайта тексеру қорытындылары бойынша тексеру актісін (бұдан әрі – Тексеру актісі) жасаудан тұрады.
15. Қайта тексеру шеңберінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар құпиялылық белгісi бар құжаттардан басқа, растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін ала алады.
4. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық
мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау
16. Тиімділікті бағалау мынадай критерийдің 2 түрі бойынша жүзеге асырылады:
1. Процестік критерийлер:
1) стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының сапасы мен толықтығы ;
2) тәуекелдерді басқару сапасын талдау (тек қана орталық мемлекеттік органдар үшін);
2. Нәтижелілік критерийлері:
3) стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу;
17. Орталық мемлекеттік органдар үшін тиімділікті бағалау әрбір критерийдің салмақты мәнін ескере отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
AOMO= (0,15 x B + 0,15 x C + 0,7 x D) x 100% - W мұнда:
AOMO – орталық мемлекеттік органдар үшін қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау;
В - стратегиялық жоспарды талдаудың сапасы мен толықтығы, салмақты мәні – 0,15;
C – тәуекелдерді басқару сапасын талдау, салмақты мәні – 0,15;
D – стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу, салмақты мәні – 0,7;
W – Әдістеменің 8-бөлімінде айқындалған балдарды шегеру.
Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалаудың қорытынды балы үтірден кейін екі белгіге дейін математикалық дөңгелектеуді ескере отырып қалыптасады.
18. Жергілікті атқарушы органдар үшін тиімділікті бағалау әрбір критерийдің салмақты мәнін ескере отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
AЖАО= (0,2 x B + 0,8 x D) x 100% - W
мұнда:
AЖАО – жергілікті атқарушы органдар үшін қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау;
В – Аумақтарды дамыту бағдарламасының сапасы мен толықтығы, салмақты мәні – 0,2;
D – Аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу, салмақты мәні – 0,8;
W – Әдістеменің 8-бөлімінде айқындалған балдарды шегеру.
Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалаудың қорытынды балы үтірден кейін екі белгіге дейін математикалық дөңгелектеуді ескере отырып қалыптасады.
19. «Стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының сапасы мен толықтығы» өлшемі бойынша есептеу жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының тиісті бөлімдері негізінде жүзеге асырылады.
Талдау сапасы мен толықтығының коэффициенті мемлекеттік жоспарлау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, сараптамалық, атап айтқанда, стратегиялық жоспарларды/ Аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеу стратегиялық жолымен анықталады.
20. «Стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының сапасы мен толықтығы» коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
B – стратегиялық жоспардың/Аумақтар дамыту бағдарламасының сапасы мен толықтығының коэффициенті;
Qi – мемлекеттік органның қызмет бағытының әрбір саласының сапасы мен толықтығы коэффициенті;
n – мемлекеттік орган қызмет салаларының/бағыттарының саны.
Егер қызмет саласының екі және одан да астам бағыты болса, онда әрбір бағытқа тиісті коэффицент беріледі.
Жалпы саласы бағыттар санына бөлінген әрбір бағыт бойынша коэффиценттер сомасына тең.
21. Орталық мемлекеттік органдар үшін мемлекеттік орган қызметінің негізгі салалары/бағыттары бөлінісінде cтратегиялық жоспардың екінші бөліміне бағалау жүргізіледі. Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдардың қызметі салаларының тізбесі осы Әдістеменің 2-қосымшасында келтірілген.
22. Стратегиялық жоспардың сапасы мен толықтығын бағалау мынадай параметрлер бойынша жүргізіледі:
1) оларды шешуге стратегиялық жоспар бағытталған халықтың/игілік алушылардың қажеттіліктерін тиісті талдай отырып, реттелетін саладағы/бағыттағы негізгі проблемаларды айқындау;
2) ағымдағы жағдайдағы талдауда ұсынылған деректердің өзектілігі.
Бұл ретте мемлекеттік орган қызметінің әрбір негізгі саласы/бағыты (Qi ) жоғарыда аталған екі параметр бойынша q1 мынадай формуламен бағаланады:
әрбір жоғарыда көрсетілген параметрге (q1) тиісті коэффициент 1;0,5;0 беріледі.
Бірінші параметр бойынша (q1):
егер стратегиялық жоспардың тиісті саласында/бағытында стратегиялық жоспарды әзірлеу сәтінде ағымдағы проблемалар халықтың/игілік алушылардың қажеттіліктеріне тиісті талдаумен көрсетілген болса, онда q1 = 1;
егер стратегиялық жоспардың тиісті саласында/бағытында ағымдағы проблемалар халықтың/игілік алушылардың қажеттіліктерін жартылай және/немесе толық емес талдауымен көрсетілген болса, онда q1 = 0,5 ;
егер стратегиялық жоспардың тиісті саласында/бағытында ағымдағы проблемалар көрсетілмеген болса және/немесе халықтың/игілік алушылардың қажеттіліктеріне талдау жүргізілмесе, онда q1 = 0 .
Екінші параметр бойынша (q2):
егер тиісті сала/бағыт бойынша стратегиялық жоспардың талдауында соңғы үш жыл ішінде деректер ұсынылса/пайдаланылса, онда q2 = 1;
егер тиісті сала/бағыт бойынша стратегиялық жоспардың талдауында соңғы үш жыл ішінде деректер жартылай ұсынылса/пайдаланылса, онда q2 = 0,5;
егер тиісті сала/бағыт бойынша стратегиялық жоспардың талдауында соңғы үш жыл ішінде деректер ұсынылмаса/пайдаланылмаса, онда q2 = 0;
23. Жергілікті атқарушы органдар үшін мемлекеттік орган қызметінің негізгі салалары/бағыттары бөлінісінде Аумақтарды дамыту бағдарламасының екінші бөліміне бағалау жүзеге асырылады. Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдардың қызметі салаларының тізбесі осы Әдістеменің 3-қосымшасында келтірілген.
Аумақтарды дамыту бағдарламасының сапасы мен толықтығын бағалау мынадай параметрлер бойынша жүргізіледі:
1) оларды шешуге Аумақтарды дамыту бағдарламасы бағытталған өңірдің алдында тұрған негізгі даму проблемаларын айқындау;
2) ағымдағы жағдайдың талдауында ұсынылған деректердің өзектілігі.
Бұл ретте мемлекеттік орган қызметінің әрбір негізгі саласы/бағыты (Q1) жоғарыда аталған екі параметр бойынша () мынадай формуламен бағаланады:
Әрбір жоғарыда көрсетілген параметрге (q1 ) тиісті коэффицент 1;0,5;0 беріледі.
Бірінші параметр бойынша (q1 ):
егер Аумақтарды дамыту бағдарламасының тиісті саласында/бағытында өңірді дамытудың ағымдағы проблемалары халықтың/игілік алушылардың қажеттіліктерін тиісті талдаумен көрсетілген болса, онда q1 = 1;
егер Аумақтарды дамыту бағдарламасында өңірді дамытудың ағымдағы проблемалары халықтың/игілік алушылардың қажеттіліктері жартылай және/немесе толық емес талдаумен көрсетілген болса, онда q1 = 0,5;
егер Аумақтарды дамыту бағдарламасында өңірді дамытудың ағымдағы проблемалары көрсетілмеген болса және/немесе халықтың/игілік алушылардың қажеттіліктерін талдау жүргізілмесе, онда q1 = 0.
Екінші параметр бойынша (q2):
егер тиісті сала/бағыт бойынша Аумақтарды дамыту бағдарламасын талдауда соңғы үш жылдағы деректер ұсынылса/пайдаланылса,онда q2 =1;
егер тиісті сала/бағыт бойынша Аумақтарды дамыту бағдарламасын талдауы соңғы үш жылдағы деректер жартылай ұсынылса/пайдаланылса, онда q2 =0,5;
егер тиісті сала/бағыт бойынша Аумақтарды дамыту бағдарламасының талдауы соңғы үш жылдағы деректер ұсынылмаса/пайдаланылмаса, онда q2 =0.
24. «Тәуекелдерді басқару сапасын талдау» критерийінің коэффициенті стратегиялық жоспардың 6-бөлімін талдау арқылы айқындалады.
«Тәуекелдерді басқару және талдау сапасын талдау» деген 6-бөлімге мемлекеттік органның тәуекелді төмендетуге бағытталған тиісті іс-шаралар әзірлеуі және мемлекеттік органның нәтижелілі тәуекелдерін басқару бойынша іс-шаралардың ықпалына талдау жасалады.
«Тәуекелдер сапасын талдау» критерийінің коэффициентін айқындау кезінде стратегиялық жоспардың үшінші бөлімінің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу тәуекелдерінің сәйкес келуі және ықтимал ету дәрежесі есепке алынады.
Тәуекелдерді басқару бойынша көзделген іс-шаралар сапасын талдау сараптама жолымен ықтимал тәуекелдердің көзделген іс-шараларға арақатынасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте, бұл әдіс тәуекелдерді төмендеуге/болдырмауға ықпал етпейтін формалды іс-шараларды анықтайды. «Тәуекелдерді басқару сапасын талдау» коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
C = 0,6 x C1 + 0,4 x C2,
мұнда:
C – тәуекелдер сапасын талдау коэффициенті;
С1 – тәуекелдердің стратегиялық жоспарға ықпал ету параметрлері;
С2 – тәуекелдер санының стратегиялық жоспардың 3-бөлімінің мақсаттарына сәйкестігі параметрі;
мұнда:
Rj – тәуекелдің стратегиялық жоспарға ықпал ету дәрежесі;
k – тәуекелдердің жалпы саны.
Бұл ретте, әрбір көзделген тәуекелге тиісті коэффициент: 1; 0,5; 0 беріледі.
Егер тәуекел стратегиялық жоспардың іске асырылу барысына ықпал етсе және көзделген іс-шаралар тәуекелді төмендетуге/болдырмауға бағытталса, онда Rj = 1.
Егер тәуекел стратегиялық жоспардың іске асырылу барысына ықпал етсе, бірақ көзделген іс-шаралар тәуекелді төмендетуге/болдырмауға бағытталмаса, онда Rj = 0,5.
Егер тәуекел стратегиялық жоспардың іске асырылу барысына ықпал етпесе, онда Rj = 0.
Тәуекелдер санының стратегиялық жоспардың 3-бөліміндегі мақсаттарға сәйкестігі параметрі 1; 0,5; 0 мәндерін қабылдайды.
Егер 3-бөлімнің әрбір мақсатына 6-бөлімнің тәуекелі сәйкес келсе, онда С2 = 1;
Егер 3-бөлім мақсаттарының жартысы 6-бөлімнің тәуекелдеріне сәйкес келсе, онда С2 = 0,5;
Егер 3-бөлім мақсаттарының жартысынан кемі 6-бөлімнің тәуекелдеріне сәйкес келсе, онда С2 = 0.
25. «Стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу» критерийі мақсаттарға қол жеткізу коэффициентін есептеу арқылы айқындалады. Мақсаттарға қол жеткізу коэффициенті, өз кезегінде, екі құрамдауыштан тұрады: тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу коэффициенті, тиісті мақсатты іске асыру үшін жоспарланған міндеттемелерді іске асыру коэффициенті.
26. «Стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу» критерийінің коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
D – стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу коэффициенті;
Xi – тиісті міндеттерге сәйкес әрбір мақсатқа қол жеткізу коэффициенті;
n – мақсаттар саны.
Тиісті міндеттерге (Хi) сәйкес әрбір мақсатқа қол жеткізу коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Xi = Ki x Yi,
мұнда:
Ki – стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсатына қол жеткізу коэффициенті;
Yi – тиісті мақсатты іске асыру үшін жоспарланған стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының міндеттерін іске асыру коэффициенті.
Мақсатқа қол жеткізу коэффициенті (Ki) мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
hj – тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін көзделген әрбір нысаналы индикаторға қол жеткізу коэффициенті;
m – тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін көзделген нысаналы индикаторлардың жалпы саны.
Стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының тиісті мақсатына қол жеткізу үшін көзделген әрбір нысаналы индикаторға (hj) қол жеткізу коэффициентін есептеу іс-жүзінде орындалғанның (жақсарғанның немесе нашарлағанның) жоспарланған жақсартуға ара қатынасы арқылы жүзеге асырылады:
Бұл ретте, егер, hj ≥ 1 болса, онда hj = 1, егер hj < 0, онда hj
Стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу коэффициентін есептеу кезінде мыналар ескеріледі:
есепті кезеңге жоспарлы мәні жоқ нысаналы индикатор мақсатқа қол жеткізу коэффициентінің есебіне алынбайды;
бағалау жасау кезінде ресми статистикалық деректер болмаған жағдайда, шұғыл деректер есепке алынады. Шұғыл деректерді ұсыну мүмкін болмаған кезде, нысаналы индикатор мақсатқа қол жеткізу коэффициентінің есебіне алынбайды.
Тиісті мақсатты іске асыру үшін жоспарланған міндеттерді іске асыру коэффициенті (Yi), тиісті міндетті орындау үшін көзделген тікелей нәтиженің әрбір көрсеткішіне қолжеткізілуді талдау жолымен айқындалады.
Тиісті мақсатты іске асыру үшін жоспарланған стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының міндеттерін іске асыру дәрежесін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
Yi – тиісті мақсатты іске асыру үшін жоспарланған стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының міндеттерін іске асыру коэффициенті;
Zk – стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының әрбір міндетін іске асыру коэффициенті;
ƒ – тиісті мақсатты іске асыру үшін жоспарланған стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасы міндеттерінің жалпы саны.
Бұл ретте, стратегиялық жоспардағы/Аумақтарды дамыту бағдарламасындағы әрбір (Zk) міндетті іске асыру коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
pg – стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының тиісті міндетін іске асыру үшін көзделген тікелей нәтиженің әрбір көрсеткішін іске асыру коэффициенті;
r – стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының тиісті міндетін іске асыру үшін көзделген тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің жалпы саны.
Стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының тиісті міндетін іске асыру үшін көзделген стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының (pg) тікелей нәтижесінің әрбір көрсеткішіне қол жеткізу коэффициентін есептеу іс-жүзінде атқарылғанның (жақсартылған немесе нашарланған) жоспарланғанға арақатынасы арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте, егер pg ≥ 1 болса, онда pg = 1, егер pg < 0 болса, онда pg = 0.
Стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының міндеттеріне қол жеткізу коэффициентін есептеу кезінде мыналар есепке алынады:
есепті кезеңде жоспарлық мәні жоқ тікелей нәтиже көрсеткіші міндетке қол жеткізу коэффициентінің есебіне алынбайды;
бағалау жүргізілген ресми статистикалық деректер болмаған жағдайда, шұғыл деректер есепке алынады. Шұғыл деректерді ұсыну мүмкін болмаған кезде, нысаналы индикатор мақсатқа қол жеткізу коэффициентінің есебіне алынбайды.
5. Қадағаланатын салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды
27. Қадағаланатын салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның қызметі тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.
Қорытынды мынадай тәртіпте жасалады:
«Балдар» деген бағанда өлшемдер бөлінісінде балдар көрсетіледі;
«Коэффициент» деген бағанда өлшемдер бөлінісінде коэффициенттер көрсетіледі;
«Балдарды шегеру» деген жолда осы Әдістеменің 9-бөліміне сәйкес шегерілген балдар көрсетіледі;
«Жалпы баға» деген жолда осы Әдістеменің 16, 17-тармағына сәйкес формула бойынша есептелген жалпы балл көрсетіледі.
«Орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның қызметін бағалау бойынша талдамалық есеп және тұжырымдар» деген бөлімде орталық мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган жоспарлаған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру нәтижелеріне толық талдау келтіріледі, оның ішінде:
стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының сапасы мен толықтығын талдау;
стратегиялық жоспардың/Аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуді талдау;
тәуекелдерді басқару сапасын талдау;
балдарды шегеру туралы ақпарат.
Бұдан басқа осы бөлімде бағалаудың нәтижелеріне қатысты тиісті тұжырымдар көрсетіледі.
Алынған бағалау нәтижесіне сәйкес мемлекеттік орган қызметінің тиімділік дәрежесі айқындалады. Мемлекеттік орган тиімділігінің жоғарғы дәрежесіне бағалау көрсеткіштеріне 90-нан 100 дейін балдар, орташа деңгейге – 70-тен 89,99 дейін балдар, төмен деңгейге – 50-ден 69,99 дейін балдар сәйкес келеді. Бағалау нәтижесі бойынша 49,99 бал жинаған мемлекеттік органның қызметі тиімді емес деп танылады
«Орталық мемлекеттік органнның/жергілікті атқарушы органның қызметін жақсарту бойынша ұсынымдар» деген бөлімде мемлекеттік орган қызметін одан әрі жақсарту бойынша ұсынымдар, сондай-ақ өзге де бар ұсынымдар егжей-тегжейлі сипатталады.
6. Бағалаудың нәтижелеріне шағымдану тәртібі
28. Қорытындыны алған сәттен бастап бағаланатын мемлекеттік орган бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға растаушы құжаттармен қоса өзінің наразылықтарын жолдауға құқылы.
29. Бағалау нәтижелерінің шағымдануы дәлелдейтін құжаттардың ұсынылуымен дәлелді және тиянақты болуы тиіс. Растайтын құжаттар мен дәлелдер жоқ, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау саласындағы нормативтік құқықтық актілер ережелеріне және стратегиялық жоспарларды/аумақтарды дамыту бағдарламаларды әзірлеу қағидаларына қарсы келетін наразылықтар қарастырылмайды.
30. Бағалау нәтижелеріне наразылықтар болмаған жағдайда, бағаланатын мемлекеттік орган бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға тиісті хабарлама жібереді. Бағаланатын мемлекеттік органдар наразылық берудің уақыты белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін қабылданбайды.
31. Шағымдану рәсімін өткізу үшін бағалауға уәкілетті мемлекеттік органда құрамына наразылықтарын ұсынған мемлекеттік органдарды бағалауға қатысқан қызметкерлер кіре алмайтын Арнайы комиссия құрылады.
Арнайы комиссияның саны мен құрамын бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган дербес айқындайды, бірақ құрамы кемінде 5 адам.
32. Бағаланатын мемлекеттік органдардың растайтын құжаттары бар наразылықтарын алған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша келіспеушіліктер кестесін (бұдан әрі - Келіспеушіліктер кестесі) қалыптастырады және Арнайы комиссияның қарауына енгізеді.
33. Арнайы комиссия наразылықтарды қарастыру мен бағалау нәтижелерінің объективтілігін анықтау бойынша отырыс өткізеді, оған наразылықтарды ұсынған бағаланатын мемлекеттік органың, мүдделі салалық орталық мемлекеттік органдар өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органды бағалауға қатысқан қызметкер шақырылады.
34. Арнайы комиссияның отырыстарының нәтижелері бойынша Келіспеушіліктер кестесі пысықталып, оған Арнайы комиссия төрағасы қол қояды және бағаланатын мемлекеттік органға мәлімет үшін жеткізіледі.
35. Бағаланатын мемлекеттік органдардың наразылықтарын алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган Сараптау комиссиясының жұмыс органына және бағаланатын мемлекеттік органдарға қорытынды тұжырымдарды жолдайды.
7. Қайта құрылған және таратылған мемлекеттік органдарға бағалау жүргізу тәртібі
36. Мемлекеттік орган қайта құрылған немесе таратылған жағдайда бағаланатын жылдың бірінші жартыжылдығында осы мемлекеттік органның бағалауы осы әдістемеге сәйкес құқықтық мирасқор мемлекеттік органның бағалауы шеңберінде жүзеге асырылады.
37. Мемлекеттік орган қайта құрылған немесе таратылған жағдайда бағаланатын жылдың екінші жарты жылдығында оның қызметіне бағалау жүргізілмейді, ал осы мемлекеттік орган қызметін талдау нәтижелері құқықтық мирасқор мемлекеттік органға бағалау қорытындылары бойынша берілген ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу кезінде ескеріледі.
8. Бағаланатын мемлекеттік органдардың есепті ақпаратының уақтылығын, толықтығын және дәйектілігін айқындау рәсімі
38. Бағаланатын мемлекеттік орган Бағалау кестесіне сәйкес мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында (желі) толық және дәйекті есепті ақпаратты уақтылы ұсынады/орналастырады.
39. Есепті ақпаратын уақтылы, толық емес және дәйекті емес мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында (желі) ұсынылмаған/орналастырылмаған жағдайда, бұл бағыт бойынша қорытынды бағалаудан айыппұлдық балдар шегеріледі.
40. Бағалау кестесінде көзделген мерзімнен кейін ресми интернет-ресурсында ұсынылған/орналыстырылған есепті ақпараты уақтылы емес деп танылады.
Мемлекеттік органның есепті ақпаратын уақтылы ұсынбаған/орналастырмаған кезде 1,5 (бір жарым) балы шегеріледі.
Құпия, ҚБП ақпараттарынан басқа, ресми интернет-ресурсында есепті ақпарат болмаған жағдайда 2 (екі) айыппұлдық балы шегеріледі.
41. Есепті ақпаратының құрылымына қойылатын белгіленген талаптарда көзделген (ұсыныстар, бөлімдер, кестелер, көрсеткіштер мәні және т.б.) элементтері жоқ есепті ақпараты толық емес деп танылады.
Мемлекеттік органның толық емес ақпаратты ұсынғаны/орналастырғаны үшін 2 (екі) айыппұлдық балы шегеріледі.
42. Қайта тексеру барысында шындыққа сәйкес келмейтін фактілер анықталған кезде ол дәйектi емес есепті ақпарат деп танылады.
Көрсетілген фактілер Тексеру актісінде тіркеледі.
Әрбір тіркелген факт үшін мемлекеттік органның есепті ақпаратын дәйектi ұсынбағаны/орналастырмағаны үшін 0,2 айыппұлдық балл шегеріледі.
Алдыңғы есепті жылдың тексеру актісін ескере отырып, шындыққа сай келмейтін есепті ақпаратты қайта ұсынғаны/орналастырғаны үшін әрбір тіркелген факт үшін 0,5 айыппұлдық балл шегеріледі.
Шындыққа сай келмейтін ақпарат ұсынғаны/орналастырғаны үшін шегерілетін сома 6,5 балдан аспауы тиіс.
43. Шегерімдер туралы ақпарат «Талдамалық есеп және орталық мемлекеттік орган/жергілікті атқарушы орган қызметін бағалау қорытындылары» деген бөлімде көрсетіледі.
Қадағаланатын саладағы /аядағы/ өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемеге 1-қосымша
Нысан
Есепті ақпаратта қамтылған деректерді қайта тексеру қорытындылары бойынша тексеру актісі
(орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның атауы)
(есеп беру кезеңі)
№ Атауы Шегерілетін балдар
1
2
3
4 Есепті ақпараттың уақтылы ұсынылмауы/орналастырмауы
Дәйекті емес ақпараттың уақтылы ұсынылмауы/орналастырмауы
Интернет-ресурста есепті ақпараттың болмауы
Толық емес ақпарат ұсыну/орналастыру
Барлығы :
1. Бағалау кестесіне сәйкес мемлекеттік органның есепті ақпаратты ұсыну/орналастыру мерзімі: 201_ жылғы «____»________ .
1) Есепті ақпараттың ұсынылатын/орналастыратын нақты күні: 201_ жылғы «_»_______ .
2) Мемлекеттік органның интернет-ресурсында есепті ақпараттың болмауы.
Шегерім ______ балды құрайды.
2. Толық ақпарат ұсынылмаған/орналастырылмаған, оның ішінде белгіленген талаптармен есепті ақпараттың құрылымына қойылатын белгіленген талаптармен көзделген мынадай элементтер көрсетілмеген (қосымшалар, бөлімдер, кестелер, көрсеткіштердің мәндері және т.б.):
1)
2)
Шегерім ______ балды құрайды.
3. Дұрыс емес ақпарат ұсынылды/орналастырылды. Қайта тексеру барысында фактілер шынайылығының мынадай сәйкессіздіктері анықталды:
№ Нысаналы индикатор/тікелей нәтиже көрсеткіштері-нің атауы
Есепті кезеңнің
жоспары Есепті кезеңнің
факті Қайта тексеру қорытын-дылары бойынша есепті кезең факті Балдарды шегеру Ескерту
1
...
Шегерім ______ балды құрайды.
Қорытынды шегерім ______ балл.
Уәкілетті органның өкілі, лауазымы ________
(күні) ________
(қолы) ___________________
(қолды таратып жазу)
Бағаланатын мемлекеттік органның өкілі, лауазымы ________
(күні) ________
(қолы) __________________
(қолды таратып жазу)
Қадағаланатын саладағы/ аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістемеге 2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының қызметі салаларының тізбесі
№ Мәні Саланың/бағыттың атауы Дереккөз
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
1 Сала Бюджеттің атқарылуы Ереже
2 Сала Салық салу Ереже
3 Сала Кеден іс Ереже
4 Сала Мемлекеттік және мемлекет кепілдік беретін қарыз алу, үкіметтік және мемлекет кепілдік беретін борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару Ереже
5 Сала Ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау Ереже
6 Сала Мемлекеттік сатып алу Ереже
7 Сала Бюджеттік кредиттеу Ереже
8 Сала Мемлекеттік меншікті басқару және меншіктің мемлекеттік мониторингі Ереже
9 Сала Оңалту және банкроттық рәсімдердің жүргізілуін бақылау Ереже
10 Сала Заңсыз жолмен алынған кірісті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл Ереже
11 Сала Бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік пен аудит Ереже
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
1 Сала Статистикалық қызмет Ереже
1.1 Бағыт Статистикалық әдіснама мен статистикалық құралдарды қалыптастыру Ереже
1.2 Бағыт Қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру Ереже
1.3 Бағыт Мемлекеттік статистикалық қызметті салааралық үйлестіру Ереже
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
1 Сала Еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау Ереже
2 Сала Жұмыспен қамту Ереже
3 Сала Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақылық қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру Ереже
4 Сала Әлеуметтік қолдау, оның ішінде әлеуметтік көмек, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету Ереже
5 Сала Халықтың көші-қоны саласында өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыру Ереже
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
1 Сала Мемлекет қызметін құқықтық қамсыздандыру Ереже
1.1 Бағыт Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін және Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, жалпы мемлекеттің даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға, заң жобалау жұмысын жүргізуге, заңнаманы талдауға, жетілдіруге және жүйелеуге, нормативтік құқықтық актілер жобаларының заңдық сараптамасын жүргізуге қатысу арқылы қазақстандық қоғамды және мемлекетті тұрақты және үдемелі дамытуға бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу Ереже
1.2 Бағыт Республиканың әлемдік қоғамдастықта ұлттық мүдделерін қорғау мен беделін нығайту мақсатында Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметін, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасау арқылы құқықтық қамтамасыз ету Ереже
1.3 Бағыт Заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке және онымен мәмілелер жасау құқықтарын, жылжитын мүліктің жекелеген түрлеріне кепілдіктерін, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік есепке алынуы мен оларды бақылауды жүзеге асыру Ереже
1.4 Бағыт Құқықтық көмек көрсетуді және заңды қызметтер көрсетуді ұйымдастыру мен құқықтық насихатты қамтамасыз ету Ереже
1.5 Бағыт Сот-сараптама қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру Ереже
1.6 Бағыт Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру Ереже
1.7 Бағыт Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңнамаға сәйкес іс жүргізуді жүзеге асыру Ереже
1.8 Бағыт Мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу, республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Ереже
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
1 Сала Азаматтық қорғаныс пен материалдық резерв жүйесін қалыптастыру Ереже
2 Сала Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, жою Ереже
3 Сала Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, жою Ереже
Қазақстан Республикасы Сырқы істер министрлігі
1 Сала Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру Ереже
1.1 Бағыт Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру, сыртқы экономикалық саясаттың жүзеге асырылуына және Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің нығаюына жәрдемдесу Ереже
1.2 Бағыт Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумағының тұтастығы мен шекарасының беріктігін, оның саяси, сауда-экономикалық және халықаралық аренада басқа мемлекеттермен қатынастарында өзге де мүдделерін қорғаудың дипломатиялық құралдарымен және тәсілдерімен қамтамасыз ету Ереже
1.3 Бағыт Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қатынастарды жүзеге асыруы. Ереже
1.4 Бағыт Халықаралық бейбітшілік, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бо