Аймақтар • Кеше

Қызылорда облысындағы ауылдардың бірінде жаппай төбелес болды

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысындағы ауылдардың бірінде жаппай төбелес болды. Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысындағы ауылдардың бірінде жаппай төбелес болды

Видеоның жазбасында төбелестің 5 қаңтарда Арал ауданы Жақсықылыш ауылында болғаны айтылған.

Кадрларда ауыл көшелерінің бірінде топ-топ жастардың жүріп бара жатқанын көруге болады.

Айқай мен полиция сиренасының дыбысы естіледі.

Полицияның мәліметінше, бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

- Тергеу барысында полиция қызметкерлері жанжалға қатысқандардың жеке басын анықтап жатыр. Қылмыстық іс материалдары бойынша құқықтық баға беріледі, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Арал аудандық көпсалалы орталық ауруханасында медициналық көмек сұрап ешкімнің хабарласпағанын айтты.

Арал аудандық әкімдігі төбелеске 2004-2007 жылы туған 15-20-ға жуық адам қатысқанын хабарлады.

- 5 қаңтарда сағат шамамен 23:00-де Жақсықылыш ауылында жастар топ болып төбелесті. Құқық қорғау органдарының жедел әрекетінің арқасында жанжал дереу тыйылды. Төбелескендердің ешқайсы ауыр дене жарақаттарын алмады. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 293-бабына ("Бұзақылық") сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аудан әкімдігі құқық қорғау органдарымен бірлесе түнгі рейдтер ұйымдастырып және қылмыстың алдын алу бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр, - деп хабарлады әкімдік.