Фото: olympic.kz
ҰОК-тің ресми дерегінше Түркістан облысындағы «Alma-Tau» базасында қаңтардың 13-31 аралығында жалпы және арнайы физикалық дайындыққа арналған оқу-жаттығу жиындары өтіп, оған бірінші, екінші, үшінші, төртінші нөмірлі спортшылар қатысады. Олардың қатарында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай бар. Ол ұзақ уақытқа созылған үзілістен кейін алғашқы жаттығуын бастамақ. Ресми дереккөздердің мәліметінше, ол мұрын қуыстарын емдетіп болған.
25 қаңтар күні екі құрам Испанияға аттанып, бір аптаға созылатын оқу-жаттығу жиынына қатысады. Ал ақпан айының 3-9 күндері сол елдегі турнирде құрама боксшылары бақ сынайды.
Қалған екі құрам Түркістан облысында жаттығуды жалғастырып, Болгарияда 23 ақпанда ресми түрде басталатын «Странджа кубогі» додасында жұдырықтасады.