Әлем • Кеше

Қытайда жер сілкінісі болды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясында 5,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қытайда жер сілкінісі болды

Фото: Baidu

Цинхайда жер сілкінісі 8 қаңтарда Бейжің уақытымен 15:44-те болды. Жерасты дүмпулері Цинхай провинциясының Гуоло-Тибет автономиялық префектурасының Мадуо округінде тіркелген.

Қытайдың сейсмологиялық желі орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 34,79 градусы мен шығыс бойлықтың 97,51 градусының координатасында орналасқан. Гипоцентр 14 км тереңдікте жатқан.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қаңтарда Сицзан автономиялық ауданы Шигадзе қаласында болған жер сілкінісі салдарынан 126 адам қаза тауып, 180-нен астамы жарақат алған.