Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025

«Берекеге» ат байлағандар

601 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанай қаласының «Береке» шағын ауданында тағы бір көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа жылда баспана қуанышына ие болған 54 шаңырақтың ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғыз басты аналар бар.

«Берекеге» ат байлағандар

«Рудный Соколов құрылыс» компаниясы салған алты қабат үйді таяуда Қостанай қаласының әкімдігі сатып алған.

«Бұл жолы әкімдік халықтың әл­жуаз топтары үшін шамамен 5 млрд теңгеге 230 пәтер сатып алды. Сіздерге түсінікті болу үшін мынадай мысал келтірейін, біз тұрғындарға 2021–2023 жылдар ара­лығында 267 жалдамалы пәтер беріп­піз. Ал 2024 жылы, яғни соңғы бір жыл­дың өзінде ғана 378 отбасын бас­па­намен қамтамасыз етудің сәті түсіп отыр. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Был­тырдан бастап тұрғын үйді тікелей құрылыс компаниясының өзінен сатып ала бастадық. Нәтижесінде баспана ке­зегі де тезірек жылжи түсті», деді тұр­ғындарды қуанышымен құттықтай келген қала басшысы Марат Жүндібаев.

Баспаналы болып, қуанышқа ке­неліп жатқандардың ішінде көп­ба­лалы аналар да бар­шылық. Мысалы, үш бөлмелі пәтерге қоныстанған Ты­ныбековтер отбасы бұған дейін қала­ның маңындағы ауылда пәтер жалдап тұрыпты.

«Төрт жылдан бері кезекте тұрып, осы күнді тағатсыздана күттік. Төрт бала тәрбиелеп отырмыз. Жаңа үй беретін болыпты дегенді естіген балаларымыз барып келейікші деп маза бермеген соң, өткен аптада ке­ліп сыртынан көріп кеттік. Бүгін, міне, кілтіміз қолымызда. Қала басшылығына, біз сияқты көпбалалы отбасыларға қамқорлық танытып отыр­ған мемлекетімізге алғысымыз шексіз. Еліміз аман, іргеміз тыныш болып, көбейе берейік», дейді төрт бала­ның анасы Айман Тыныбекова.

Қазір «Береке» шағын ауданының көшелері кеңейтіліп, айналасы абаттандырылып жатыр. Алдағы уа­қытта бұл шағын ауданды Қостанай­дың орталығымен байланыстыратын төте жол салу жоспарда бар.

 

Қостанай облысы