Қоғам • Бүгін, 09:17

Арнаулы әлеуметтік қызметтер лицензияланады

24 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау жүйесі енгізілді. Бұл оларды көрсету сапасын жақсартуға жағдай жасайды, осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға оң ықпал етеді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер лицензияланады

Сурет: gov.kz

Лицензиялауды енгізу – арнаулы әлеуметтік қызметтер көр­сету жүйесін жаңғырту кезең­дері­нің бірі, ол көрсетілетін қызмет­тер­дің сапасын арттыруға, көр­сетілетін қызметті алушылардың қауіпсіз­дігі мен құқықтарын қорғауға кепілдік беруге, АӘҚ ұсынатын ұйымдар үшін бірыңғай стандарттарды белгілеуге бағытталған.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық меншік нысанындағы ұйымдар лицензияланады. Лицензия алудың негізгі шарттары: санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ере­желеріне сәйкес келетін арнау­лы әлеуметтік қызмет көрсе­ту­ге жарамды ғимараттың болуы, қажетті материалдық-техника­лық базаның және қызметкерлер құрамының болуы, халықтың жүріп тұруы шектеулі топтары үшін ғимараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, тағы басқалар.

2024 жылдың қазан айынан бастап ЕХӘҚМ Әлеуметтік қор­ғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері лицензия алды талдау жүргізді, жергілікті атқару­шы органдармен, ҮЕҰ-мен бір­ле­сіп, АӘҚ көрсететін барлық ұйым­­ды лицензиялауға дайын­дау мәселелері пысықталды. Ли­цен­зия алуға өтінім Әлеу­мет­тік қыз­­меттер порталы (aleumet.egov.kz) ар­қылы беріледі.

Лицензиялау көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, мүгедектігі бар адамдарды және көрсетілетін қызметті алушылардың өзге де санаттарын әлеуметтік оңалтудың тиімділігін көтеру үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға оң ықпал етеді.