Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025

Қатонқарағай мен Зайсанда әуежай салынады

1246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік министрлігі осы жылы жүзеге асыратын ірі жобаларымен  бөлісті, деп жазады Egemen.kz.

Қатонқарағай мен Зайсанда әуежай салынады

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда авиация саласындағы маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру басталды. 

Президент тапсырмасына сай курорттық аймақтар Қатонқарағай, Зайсан, Кендірліде осы жылы әуежай құрылысы басталады. 

Министрлік қазір бұл нысандардың жер учаскелерін рәсімдеу және жобалау жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті. 

Автомобиль жолдары саласында да ауқымды жоспарлар жүзеге асыру жоспарланған. Жаңа автожолдардың жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырым, оның 3,7 мың шақырымы – І санаттағы жолдар болмақ.

«Биыл «Достық – Мойынты» жобасы бойынша темір жол құрылысы аяқталады. Бұл өткізу қабілетін 5 есеге арттырып, тәулігіне 12-60 пойыз жұбының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар «Алматы айналма жолы» жобасы жүзеге асырылады. Сондай-ақ «Достық – Бескөл» және «Мойынты – Балқаш» учаскелерінде де қозғалысты ашу жоспарланған. Бұл шешім учаскелердегі пойыз қозғалысын жақсартуға және жүк тасымалы мәселелерін шешуге көмектеседі», делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

Теңіз көлігін дамыту мақсатында Ақтау портында контейнерлік хаб салу жұмыстары басталды. Бұл Қазақстанның халықаралық логистикадағы орнын нығайтып, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы өтетін Транскаспий бағытындағы контейнерлер тасымалы көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ Қытайдан Еуропаға жеткізілетін транзиттік жүктердің бір бөлігін қайта бағыттауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар