Фото: Ақмола облысы ТЖМ
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 қаңтарда Жақсы ауданы Терісаққан ауылында төрт балықшы балық аулауға кетіп, қайта оралмаған. Олар 24 сағат бойы байланысқа шықпаған.
«Іздестіру жұмыстарын Төтенше жағдайлар министрлігі, полиция және жергілікті атқарушы органдар жүргізді. Құтқару жұмыстарына жауған қар кедергі келтірді. Арнайы техника, К700 тракторы арқылы балықшыларға жетіп, жолды қардан тазартуға тура келді», делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, балықшылар көлігі жартылай мұзға құлап кеткен.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның тас жолдарында биылғы жылдың алғашқы күндерінде 200-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылған еді.