Фото: Арман Мұқатов
Күдікті 2017 жылы Kolesa.kz сайты арқылы қолжетімді бағада арнайы техника сататыны туралы хабарландыру жариялап, ел тұрғынын алдап соққан. Жәбірленуші алаяққа сеніп 43 млн көлемінде келісімшарт жасасып, осы сумманы шотына аударған.
Күдіктіге 2023 жылдың қыркүйек айында халықаралық іздеу жарияланған. ІІМ 45 жастағы қаскөйдің Сербиядан ұсталып, бүгін елге экстрадацияланғанын хабарлады.