01 Мамыр, 2015

Оралда Қазақ хандығының 550 жылдығына ерекше сыйлық дайындалуда

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20150426_171211ОРАЛ. 1 мамыр. Орал қаласының тұрғыны Болатбек Баймағамбетов Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жерлестеріне өзінің арнайы сыйлығын дайындауда. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сыйлық – қаладағы Еуразия даңғылы аулаларының бірінде орналасқан теректен жасалуда. Нақты айтсақ, кезінде жапырағы жайқалған терек, бірақ кейіннен кеуіп кетіп пайдасыз қалған ағаш тамырынан бүгінде қылышын жерге сермеген батырдың мүсіні оюлуда. Өлген ағашты қайтадан тірілту идеясы Болатбектің басына осыдан бір апта бұрын келген екен. Мүсін кезіндегі ел қорғаған батыр образына сәйкес келеді. «Толығымен бұл жұмыс шамамен 2-3 апта аралығында аяқталады. Мұндай жұмыстың бағасы күрделілігіне сай 300 мың теңгеден асады. Бірақ бұл оралдықтарға арналған сый екенін Болатбек Баймамғанбетов естен шығармауда. «Бұл біріншіден, Қазақ хандығының 550 жылдығына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып отыр. Ұлы Отан Соғысы ардагерлері де батыр болып саналатынына ешкім шүбә келтірмейді. Сондықтан осы себептерге сай туған қалама сыйлық тарту етуді жөн санадым», – дейді мүсінші. Темір Құсайын. Дерек, сурет: egemen.kz. 20150426_171303