Өнер • 09 Қаңтар, 2025

«Оскар» сыйлығы қашан табысталады

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Калифорниядағы өртке байланысты «Оскар» сыйлығына үміткерлерге дауыс беру мерзімі екі күнге ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Оскар» сыйлығы қашан табысталады

Фото: ашық дереккөз

«Академияның 10 000-ға жуық мүшесіне дауыс беру 8 қаңтарда ашылды және бастапқыда 12 қаңтарда аяқталуы керек еді. Енді соңғы мерзім 14 қаңтарға ауыстырылды. Бастапқыда 17 қаңтарға жоспарланған үміткерлер туралы хабарландыру 19 қаңтарға ауыстырылды», деп жазды Variety басылымы. 

Өздеріңіз білетіндей, «Оскар» Америка кино өнері және ғылым академиясының (AMPAS) жыл сайынғы сыйлығы болып табылады, ол кинематография саласындағы көрнекті жетістіктері үшін беріледі. Бұл әлемдегі ең беделді кино марапаттарының бірі.

Сыйлық әртүрлі номинациялар бойынша беріледі, соның ішінде «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік актер және актриса» және т.б бар.