Аймақтар • Кеше

Мәжіліс депутаты ТЖД қызметкерлерімен кездесті

21 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Ажар Сағандықова Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жұмысымен танысып, бірнеше өрт сөндіру бекетін аралады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаты ТЖД қызметкерлерімен кездесті

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Депутат «Нұрсәт-2» шағынауданында орналасқан №9 Шымкент қалалық өрт сөндіру және авариялық құтқару мемлекеттік мекемесіне барды. Онда 107 жеке құрам бар. Олар 4 ауысыммен қызмет атқарады. Өрт сөндіру депосы толық материалдық-техникалық құрылғылармен қамтылған. Сондай-ақ Ажар Сағындықова №3 және №5 өрт сөндіру бекеттерінде болып, өрт сөндірушілермен тілдесті.

1

«Өрт сөндіру бөлімдерінің жұмысы жолға қойылған, қажетті техника мен жабдықтары бар. Дегенмен өрт сөндіру қызметі тиімді жұмыс істеуі үшін қосымша бекеттер құру қажет. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы әкімдікпен бірлесіп жаңа мобильді бекеттер ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Онда қаланың орталықтан алыс елді мекендерінде өрт сөндіру командалары ғана емес, медициналық жедел жәрдем станциясы мен полиция қызметкерлерінің мобильді топтары орналасатын болады», деді Ажар Сағандықова.

1

Сонымен қатар депутат мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығы екенін айтты. Қауіптің алдын алып, күні-түні аянбай еңбек ететін төтенше жағдай қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.