Дін • Бүгін, 00:42

9 жасар қызды жынын шығарамыз деп қинаған: Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеме жасады

28 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігі 9 жастағы қыздан "жынды шығарып" жатқандардың видеосына байланысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

9 жасар қызды жынын шығарамыз деп қинаған: Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеме жасады

Оқиға Атырау облысында болған.

- Мұндай оқиғаға мүлде жол беруге болмайды. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл жағдайды өз бақылауына алды. Қазіргі уақытта балаға оқиғаның салдарын барынша азайту мақсатында кәсіби психологиялық көмек көрсетілуде, – дейді министрлік.

Оқиға орнында балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл жұмыс істеп жатыр.

- Баланың денсаулығы мен әл-ауқатына қауіп төндіретін кез келген мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін атап өту маңызды. Министрлік Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін заңдар мен нормаларды сақтау қажеттігін еске салады, – деп ескертті ведомство.

Әлеуметтік желіде тараған ">видео қызу талқыға түсті. Видеода жерде қолы байлаулы жатқан қызды екі адам ұстап тұрғанын көруге болады. Балаға 19 жастағы Ләззаттың "аруағы" кіріп кетіпті-міс.

Өзін емшімін деп атайтын Кейқуат Оспанов сұрақ қойып, оған бала емес, қыздың бойына кіріп алған "жын" жауап беріп жатқанына сенімді.