Қоғам • Кеше

Рудныйда жасөспірімдер бірнеше көліктің терезесін сындырып кеткен

11 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы, Рудный қаласында белгісіз біреулер бірнеше көліктің терезесін сындырып, қашып кеткен, деп жазады Egemen.kz. облыстық Полиция департаментіне  сілтеме жасап.

Рудныйда жасөспірімдер бірнеше көліктің терезесін сындырып кеткен

фото: carboys.ru

Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларынан кейін бейнекамералардың көмегімен бұзақылық жасаған төрт жасөспірім ұсталған. Кәмелет жасына толмаған балаларын түнгі уақытта қадағаламағаны үшін құқық бұзушылардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

«Жасөспірімдер кәмелет жасына толмағандықтан қасақана жасаған әрекеттері үшін  жауапкершілікке тартылмайды. Бірақ бұл істі Рудный қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия қарап, шешім қабылдайды. Балалар ішкі істер департаментінің есебіне алынуы мүмкін немесе  тәрбие жұмысына дұрыс көңіл бөлмегені үшін ата-аналары жауапқа тартылады», делінген ведомство хабарламасында.

Көлігіне зақым келген үш тұлға полицияға арыз түсірген. Келтірілген шығынды көлік иелері өздері бағалайды. Оларға азаматтық шығынды өтеу үшін сотқа жүгіну ұсынылған.