Пікір • Кеше

Игі бастамалар жүзеге асады

42 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетіне берген сұхбатында елдіктің сара жолына, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына қатысты бастамалар жан-жақты қамтылды. Әсіресе қоғамда заң мен тәртіп қағидасын іске асырудың мән-маңызы сарапталды.

Игі бастамалар жүзеге асады

Фото: inbusiness.kz

«Біз құқық нормаларына құр­метпен қарамасақ, Әділет­ті Қазақ­станды құрып, оны өркен­деген мемлекет ете алмаймыз. Сондықтан біздің міндетіміз – бұл қағидатты еліміздің құнды­лықтар жүйесіне барынша кіріктіріп, халық болмысының, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру қажет», деп отандастарды заң мен тәртіпті басты құндылық етуге шақырды.

Міне, сұхбаттың түйінді тұсы осы деп білемін. Біз озық елге айна­ламыз десек, Президент айт­қан­дай, заңға бағынған, тәр­тіпті биік ұстанатын ұлтқа ай­налуы­мыз тиіс. Ортақ тәртіп­ке бағынған немістер мен жапон­дардың тәжіри­бесі осыған мысал бола алады. Жалпы, елімізде әлеуметтік инфрақұрылымдық дамыту, экономиканы әртарап­тандыру, инвестиция тарту және бизнесті дамыту, цифрландыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.

Қазақстанның әлеумет-эконо­микалық, рухани-ағартушылық бағытында іске асырылып жатқан жарқын бастамаларды Қызылорда облысынан айқын көруге болады. Мәселен, еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын күре жол – Қызылорда-Жезқазған жолының құрылысы қарқынды жүргізіліп, бюджеттен тыс қаржы көздерінің есебінен Қызылордадағы Қорқыт ата әуежайында жаңа заманауи ғимарат пайдалануға берілді. Қызылорда-Ақтөбе бағытындағы халықаралық екі жолақты жолды төрт жолақты етуді құжаттандыру жұмысы жүргізіліп, жол құрылысы басталады. Бұл өңірлердің көлік­тік қолжетімділігін айтар­лықтай арт­тырады, жолаушыларға қызмет көрсетуді сапалы жаңа дең­гей­ге шығарады және қала­лар­дың жеделдетілген эконо­ми­калық дамуына ықпал етеді.

Экономиканы әртараптандыруда шағын және орта бизнес шешуші рөл атқарады. Озық елдердің экономикасын бәсекеге қабілетті етуде бизнестің рөлі зор. Сыр өңірі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру аясында қаржы тартудан да көш басында келеді. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды жетілдіруден де Сыр өңірінде ілкімді істер жетерлік. Былтыр барлық ауданда «Руханият орталықтары» бой көтерді, биыл орталық «Қызылорда-Арена» стадионы салынады. Жеке инвестор қаржысы есебінен Жылу электр орталығы салынып жатыр. Яғни Қызылорда облысы – инвестиция тартудан көш ілгері. 2024 жылы негізгі капиталға 559 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 20,6 пайызды құрады. Айта кететіні, Сыр өңірі шетел инвестицияларын, озық технологияларды тарту жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді.

2025 жылы облыс аумағын­дағы барлық елді мекен орта­лық­тан­ды­рылған ауызсумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Әрине, мұндай игі бастамалар еліміздің барлық аймағында сәтті іске асып жатыр. Жалпы, Прези­дент­тің сұхбатында елдің әлеу­меттік, эко­номикалық, эко­ло­гиялық, рухани-мәдени ілгері­леуі қамтылды.

 

Руслан РҮСТЕМОВ,

Сенат депутаты 

Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да қар көшкіні жүреді

Табиғат • Бүгін, 11:28

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • Кеше

Театр тұйғыны

Театр • Кеше

Киелі күй иесі

Тұлға • Кеше

Сапаға мән береді

Еңбек • Кеше