Қоғам • Бүгін, 11:15

Ұлт болмысының тұғыры

32 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Түркияның Халықаралық «Түрік дүниесіне қызмет» сыйлығының иегері, аса көр­нек­ті жазушы, әдебиеттанушы, тарихшы Мұхтар Мағауиннің өмірден озғаны туралы қаралы хабарды ауыр қайғы-қасіретпен қабыл­да­дық.

Ұлт болмысының тұғыры

Сурет: stan.kz

Мұхтар Мағауин – қазақ әдебие­тінің айбынды тұл­ғасы, ұлттық әдебиетіміздің асыл қазына­ларын зерттеп, оның бай мұрасын әлемдік мәдениетке танытқан жазушы. Оның қала­мы­нан туған «Тазының өлі­мі», «Бір атаның балалары», «Көкбалақ», «Жүйріктің тағ­дыры», «Шақан-Шері», «Көк мұнар», «Қобыз әуендері», «Ала­са­пыран» секілді шығар­малары қазақ әдебиетінің алтын қорына енді. Шығармалары тек қазақ әдебиетінің деңгейін арттырып қана қоймай, бүкіл түркі дүниесі рухани болмысын жаңа биіктерге көтерді.   

Мұхтар Мағауин ұлт әде­бие­ті тарихын терең зерттеп, қазақ хандығы тұсындағы жыраулар мұрасын әлемдік руханият деңгейіне көтерді. Мәселен, «Қазақ тарихының әліппесі» — ұлт тарихына арналған маңызды еңбектерінің бірі. Бұл кітапта автор туған халқымыздың дербес ұлттық мемлекетi – арыдағы Ғұн ұлысы, Түрiк қағандығы, берiдегi Алтын Ордадан бастау алатын Қазақ ордасының терең тарихын қамтиды. Сондай-ақ оның көркем аударма саласындағы еңбегі де ерекше бағаланады. Уильям Сомерсет Моэмнің шы­­­ғар­маларын қазақ тіліне ауда­рып, әлем әдебиетінің үздік туын­­дыларын қазақ оқыр­ман­да­ры­на жеткізу жолында да елеулі еңбек сіңірді.

Мұхтар Мағауин өз хал­қының әдебиетін әлемдік аре­наға танытып, ұлт рухания­тының іргетасын нығайтқан жазушы ретінде ел есінде, тарихта мәңгі қалады.

Ауыр қайғыға ортақтасып, отба­сына, туған-туыстарына және исі қазақ жұртына көңіл айтамын. Марқұм­ның жаны жәннатта бол­сын!

 

Мереке Құлкенов,

Жазушылар одағы басқармасының төрағасы