
Фото: Хабар24
Сотталушы сот орындаушысына 196 миллион теңге айыппұлды ішінара төлегені туралы түбіртектердің көшірмелерін берген.
Талдау барысында Нұра аудандық прокуратурасы бұл соманың мемлекетке түспегенін және айыппұл төленбегенін анықтаған. Осылайша, түбіртек жалған болып шыққан.
Айыппұл төленбегендіктен, сот оны 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырған.
Жалған түбіртек беру фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.