Спорт • 14 Қаңтар, 2025

Жас спортшыдан үміт күтеміз

41 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Италияның Турин қаласында студенттердің дүние­жү­зілік қысқы универсиадасы басталды. Өске­мен­нің өжет қызы Аяулым Әміренова универсиада ойын­дарында еліміздің көк туын шайбалы хоккей шебері Абылайхан Сүлейменовпен бір­ге ұстап шығады.

Жас спортшыдан үміт күтеміз

Сурет: qazaquni.kz

Аяулымның әкесі Серік Әмі­ре­­нов пен анасы Гаухария Кеңес­­­бек­қызы – Зайсан ауда­ны­ның тумасы. Кеңес­бектің туған ағасы, жазушы Кеңесхан Зәке­нов – қазақ бас­па­сөзінің қара ша­ңырағы «Еgemen Qazaqstan» га­зе­­тінің ардагері. Ата-анасы Аяу­­лымды төрт жасынан фрис­тайл­дың могул түріне береді. Бұл – өте күрделі спорт. Биік тау­­дан төмен қарай зымырап, ке­дер­­­­­гі­лерден секіру оңай шаруа емес. Алай­да қайсар қыз бәрі­не шы­­дады. Бірде әкесі, бір­де ана­сы Өскемен қаласынан 15 ша­­қы­рым жердегі жат­тығу ала­ңы­на ерін­бей-жалықпай апарып жүрді.

«Аяулым сәби кезінен өжет, алғыр болды. Би, спортты ерекше ұнататын. «Флеш» деген би тобына қатысты. Төрт жасынан фристайл секциясына жа­зылды. Домбыра шертеді, му­зы­каға құмар, ағылшын тілін еркін меңгеріп алды. Фристайл – қазақ қыздарына тосын спорт түрі. Алғашқы бапкері Сер­гей Аксе­нов­ке мың алғыс, одан кейінгі ұстазы В.Соколов, еліміз­дің жас­тар құра­масының аға жат­тық­ты­р­у­шысы Виктор Рейхерд те Аяу­­лымнан үміт күтті, әрдайым жеңіс­ке жігерлендіріп отыр­ды. Аяу­­лым­ның жетістіктері – осы ұс­таз­­­дарының еңбегі», дейді әкесі.

2013 жылы Еуропа чемпио­натында Аяулым үш бірдей жүлде – алтын, күміс, қола медаль жеңіп алды. Бұдан кейін де түрлі дүбірлі жарыс­та ел намы­­сын абыроймен қорғады. 2018 жылы Кореяның Пхенчхан қала­сында жалауы желбіре­ген Қысқы олим­пиада ойындарында жүл­деге іліне алмаса да, жарыстан шығып қал­­ған жоқ, алғашқы жиыр­ма­лық­қа ілінді. Төрт жылдан кейін Бей­жің­­дегі ақ Олимпиадаға да қаты­сып, шеберлігін шыңдай түсті. Екі Олим­пия ойындарында, әлем кубогі, бір­неше халық­аралық жарыста жақсы өнер көрсеткен Аяулымнан ата-анасы, қазақ жұрты жеңіс қана күтеді.

«Аяулым мектепті, қазақ ұлт­тық спорт акаде­мия­сының магис­тра­­турасын үздік бітірді. Содан соң Әл-Фараби атындағы мемлекеттік университеттің докторантурасына түсті. Спорт пен оқуды бірге алып келе жатқан қызыма ризамыз. Турин төріндегі жарыста жеңіске жетеді деген үміттеміз», дейді С.Әміренов.

 

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Еgemen Qazaqstan» газетінің ардагері