Оқиға • 14 Қаңтар, 2025

Павлодарда пансионат қызметкерлері зейнеткерлерді азаптаған

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді жүйелі түрде ұрып-соққан жеке пансионат қызметкерлерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Павлодарда пансионат қызметкерлері зейнеткерлерді азаптаған

Фото: Ашық дереккөз

«Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған (тамақтануды, қозғалысты шектеді, ұрып-соқты) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген», делінген хабарламада.

Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталған.

Айта кетейік, оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.