Тағайындау • Кеше

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай облыс активіне кандидатурасы Президент әкімшілігімен келісілген жаңа орынбасары Тілек Көшмағанбетовты таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Тілек Жеткізгенұлы Көшмағанбетов 1979 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. 2002 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2013 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы «Нефтебанк» акционерлік қоғамында несие бөлімінің маманы қызметінен бастап, кепілдік беру бөлімінің бас маманы, несие бөлімінің менеджері қызметін атқарған.

2006-2007 жылдары «ТМ-2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

2007-2010 жылдары Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, кейін бөлім басшысы лауазымын атқарды.

2010-2012 жылдар аралығында Маңғыстау облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары болды.

2012-2015 жылдары Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары, 2015 -2019 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болды. 2019-2022 жылдары Маңғыстау ауданының әкімі лауазымын атқарды.