Үкімет • 15 Қаңтар, 2025

Толық циклді ет кәсіпорны жұмысымен танысты

1478 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин «KazBeef» ЖШС кәсіпорын қызметімен танысты. Кәсіпорын «алаңнан сөреге дейін» толық өндірістік цикл­ді жүзеге асырады: асылтұқымды мал өсіруден бастап етті өңдеуге дейінгі барлық кезеңді қамтиды.

Толық циклді ет кәсіпорны жұмысымен танысты

Сурет: instagram.com/agro__press/

А.Бердалин жоғары өнімді ангус тұқымды асылтұқымды мал өсіруге маманданған мал репродукторын аралап, жануарларды өсіру үдерісімен, азықтандыру рационымен және мал ұстау шарттарымен танысты.

Репродукторда 1 200 ірі қара мал бар. 15 мың басқа арналған толық цифрландырылған бордақылау алаңы жұмыс істейді, онда 11 мың ірі қара мал ұсталады. Вице-министр компания басшылығымен ветеринарлық қауіпсіздік, дайын өнімнің өзіндік құнын төмендету және жануарлардың денсаулығын жақсарту мәселелерін талқылады.

2020 жылдан бастап «KazBeef» ЖШС-ға «Feedlot Health Management Service» (FHMS) компаниясы малды азықтандыру және олардың жағдайын бақылау мәселелері бойынша кеңес беріп келеді. Мал орта есеппен 250-300 күн бордақыланады. Америкалық диетологтер әзірлеген рацион үш кезеңнен тұрады: 6 айға дейін сүтпен қоректендіру, 10-12 айға дейін жайылымда жаю, 550 кг салмаққа жеткенше теңгерімді астықпен бордақылау.

Вице-министр «KazBeef Processing» ет өңдеу кешеніне де барды. Бұл кәсіпорын 2018 жылдан бастап салқындатылған және мұздатылған өнімдер, соның ішінде жартылай фабрикаттар, қосымша өнімдер, тартылған ет және бургерге арналған котлеттер шығарады. Кешеннің өндірістік қуаты – тәулігіне 150 ірі қара мал. Өнімдер ішкі нарыққа жеткізіледі, сондай-ақ парсы шығанағы елдеріне және Орталық Азияға, оның ішінде Біріккен Араб Әмірлігі мен Өзбекстанға экспортталады.

Компания жетекшілерімен өткен кеңесте Мемлекет бас­шысының ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту және экспорт нарықтарын кеңейту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында өндіріс көлемін ұлғайту жоспарлары талқыланды. Вице-министр өндірістің барлық кезеңінде, соның ішінде мал сою мен өңдеуде жоғары ветеринарлық қауіпсіздік стандарттарын сақтау қажеттігін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15