Фото: gov.kz
Мерейтойлық медаль майдангерлерге, соғыста жараланған, контузия алған немесе мүгедектігі бар ардагерлерге, блокададан аман қалғандарға, партизандар мен концлагерь тұтқындарына беріледі.
Қорғаныс министрлігі жалпы тізімді бекіту құзіреті облыстық әкімдікке тапсырылатынын мәлімдеді.
«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» төсбелгісінде рейхстагқа ту тіккен батыр бейнеленеді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында биыл осы мерекеге орай Астанада әскери шеру ұйымдастыру жоспарланғанын айтқан еді.