ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ар-Рахман» мешітінде өткен игі шарада аз қамтылған, көп балалы, асыраушысынан айырылған, ерекше балаларды өсіріп отырған 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.
Игі шараға «Зекет және қайырымдылық» қорының маманы Әли Мырзақұлов, қордың Астана қаласы бойынша өкілі Нұрбол Қабланұлы, «Ар-Рахман» мешітінің имамы Жандос Сейдахметұлы қатысты.
Акция аясында мұқтаж жандар алғысын айтып, «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Ар Рахман» мешітінің жасап жатқан игі істеріне ризашылығын білдірді.