Оқиға • 17 Қаңтар, 2025

13 адамның 10 млн теңгесін қалтасына басқан алаяқ Беларусьтен экстрадицияланды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратураның қызметкерлері ірі мөлшердегі алаяқтық қылмыс жасаған күдіктіні Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің көмегімен қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында елге қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 адамның 10 млн теңгесін қалтасына басқан алаяқ Беларусьтен экстрадицияланды

Фото: Бас прокуратура

Күдікті 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың тамызына дейінгі кезеңде Түркістан қаласында бір топ адам болып әрекет етіп, кәсіп ашу үшін тегін ақшалай грант алуға көмектесеміз деген сылтаумен 13 азаматтың қаражатын ұрлаған. Нәтижесінде, оларға 10 миллион теңгеден ірі мөлшерде шығын әкелген.

«Бұл қылмыстың сыбайласы сотталған, ал күдікті заңсыз әрекет жасағаннан кейін қашып кеткен және халықаралық іздеуге жарияланған. 2024 жылдың қазан айында ол Беларусьте ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының өтініші бойынша отанына экстрадицияланды. Қазір күдікті Астанадағы тергеу изоляторына қамалды», деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бұл қылмысты жасағаны үшін оған мүлкін тәркілеу арқылы үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған.