
Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаевтың бастамасымен қалада «Еңбекке – Құрмет» акциясы басталды. Акция әртүрлі форматта өткізілуі мүмкін, бірақ, ең бастысы, жұмыскерлерге, олардың еңбектеріне деген шынайы сүйіспеншілікті қалыптастыруды көздейді.
Әкім бастамасын алғашқы болып қолдаған қалалық Жастар ресурстық орталығы көшелердегі қар тазалаушыларға ыстық ас, шай әзірлеп, жұмыс орындарына апарып берді. Жастарды қала әкімінің өзі бастап барды.
-Біз осындай болмашы ілтипатымыз арқылы Сіздерге деген көңіліміздің зор ризашылығын жеткізгіміз келді. Сіздер уақытпен санаспай қала тазалығы үшін тер төгіп жүрсіздер. Бұл еңбектеріңіз барлық мақтау, марапатқа лайық, – деген қала басшысы еңбек адамдарына деген әртүрлі деңгейдегі құрметтің көрсетіле беретін жеткізді.
Акция жыл бойына жалғасады.
Ұлытау облысы,
Сәтбаев қаласы