Аймақтар • 17 Қаңтар, 2025

БҚО-да кәсіпорын қызметкерлерге зейнетақы жарнасын аудармаған

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының прокуратурасы талдау аясында міндетті зейнетақы жарналарын аудармау фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да кәсіпорын қызметкерлерге зейнетақы жарнасын аудармаған

Фото:Ерлан Омар

Бас прокуратураның хабарлауынша, 2024 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында «Коммунал» мемлекеттік кәсіпорыны 28 қызметкерге 3 миллионнан астам зейнетақы жарналарын төлемегені анықталған.

«Аталған факт бойынша жауапты кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарта отырып, қарызды өтеу шараларын қабылдау туралы прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша «Коммунал» мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 91-бабының 6-бөлігінің 5-ші тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қарыз толығымен өтелді», делінген хабарламада.