Қоғам • 16 Қаңтар, 2025

Ертеңін ойлаған елде есірткіге жол жоқ

3919 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрметті, замандас! Есті алатын қасіреттің бірі – есірткі. Есірткінің денсаулықты жоятын, тәнді әлсірететін зиянды зат екені айтпаса да белгілі.

Ертеңін ойлаған елде есірткіге жол жоқ

Тәуелді адамға ол бақыт, жеңілдік, демалыс сияқты сезілгенмен, бір-ақ сәтте адамның барлық болмысын баурап алатын иллюзия. Алайда иллюзияның ар жағында тұрған бір ғана шындық бар – ол өзіңді, өмірді жоғалту. Сол үшін жастарға үндеу жолдап, зиян әрекеттен аулақ болуға шақырамын.

Әркез есірткіге «жоқ!» деп айтуды мақсат тұтып, қылмыстың алдын алуға үлес қосуымыз керек. Қасіреттің алдын алып, жақындарымыз бен жолдастарды қауіптен құтқару мүмкіндігі барын ұмытпайық. Сонда ғана әлем өзгеріп, мейірім шуағы шартарапқа тарайтыны сөзсіз. Жалындаған жастықтың эталоны, үлгі тұтар Ғани Мұратбаев атамыз «Заманның тұтқасы – жастар» деп айтып кеткенін білеміз. Немесе Мағжанша айтсақ, «Біз жастарға сенеміз». Енді есірткінің буына масайып, қан мен жанды таразыға салып, ұрпақтарына жерін, тарихын сақтап қалған бабалардың аманатына қиянат етпейік. Ертеңін ойлаған елде есірткіге жол жоқ!

Қызылорда облысы Қазалы ауданы

226 мектеп-гимназиясының

8 «А» сынып оқушысы

Іңкәр ШАКИЗАДА

Соңғы жаңалықтар