Аймақтар • 18 Қаңтар, 2025

Курчатовқа көңіл бөлінеді

67 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Абай облысы аумағындағы Курчатов қаласының өзіндік мән-маңызы ерекше. Атом қаласы аталған, Семей ядролық полигонының орталығы болған қаланың қараусыз қалған ғимараттары, бос тұрған көппәтерлі үйлерімен танымал болды. Алайда кейінгі жылдары жаңа облысты жандандыру мен дамыту жобалары аясында бұл қалаға да жан-жақты көңіл бөліне бастады.

Курчатовқа көңіл бөлінеді

Мұнда қазір 2 көп­пәтерлі тұрғын үйді қалпына кел­тіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарын «Кентавр-Құрылыс» ЖШС ат­қаруда, аяқталу мерзімі сәуір айына жоспарланған. Жос­парда, кезекте тағы 5 үй бар. Баспана кезегінде тұрғандар саны – 236 адам. Олардың арасында мем­лекеттік қызмет­кер­лер, көпбалалы отбасылар мен жетім балалар бар.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Курчатов қала­сына жасаған жұмыс сапары барысында бірнеше әлеу­меттік маңызы бар нысанды аралап, құрылыс, қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Аймақ басшысының алдымен балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің ғима­ратын аралады. Қала әкімі Болат Әбдіралиев жобаның атқа­рылуы мен аяқталуы туралы баяндады. Жаңа ғима­рат бұған дейін қараусыз тұр­ған еді. Бүгінде балалар мен жасөспірімдердің шығарма­шылық үйінде роботтехника, тігіншілік, би, қыш өнері, ойын техникасы сынды үйірмелерден бөлек, акт залы бар. Қажетті құрал-жабдық алынған. Көк­темде ғимарат ауласын абаттандыру жұмысы басталады. Аймақ басшысы жастар бас қосатын тағы бір ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу ке­ректігін айтты. Қала әкімінің өті­нішіне орай, облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиевке ша­һардағы мектеп ауласына спорт алаңын салу жөнінде тапсырма берді. Өңір басшысы сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы алаңына да барды. Жаңа спорт кешені заманауи стандарттарға сай, барлық жастағы адамдарға, соның ішінде мүгедектігі бар азаматтарға да қолжетімді болады.

Қаланы жылумен қамту мәсе­лелері де назардан тыс қал­ған жоқ. №1 қазандық 30 көп­қабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етеді. Өткен жылы қазандықтағы 4 пешке ағымдағы жөндеу жүргізіліп, 2 ескі пеш ауыстырылды, қосымша 2 пеш орнатылды. Жалпы Курчатов қаласында 4 қазандық бар. Олар 79 тұрғын үйге, 20 мемлекеттік мекемеге, 24 заңды тұлғаға қыз­мет көрсетеді.

Аймақ басшысы қалпына келтірілетін үйлердің сапасына ерекше мән беріп, заманауи үлгіде болуына көңіл ауда­ру керектігін айтты. «Бұл нысандардың әрқайсысы Курча­тов қаласының да­муын­да маңызды рөл атқа­ра­ды. Тұр­­ғындардың спортпен шұ­ғылданып, шығармашылықпен айналысуына барынша жағдай жасауға тиіспіз. Ол үшін жұ­мысты белгіленген мерзімде аяқ­тауымыз керек», деді облыс әкімі.

 

Абай облысы,

Курчатов қаласы

Соңғы жаңалықтар

Көкшетау көркейіп келеді

«Таза Қазақстан» • Кеше

Өндірістегі өзгеше отау

Мереке • 01 Мамыр, 2025