Аймақтар • 18 Қаңтар, 2025

Әуежай әлеуеттеніп келеді

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласындағы халықаралық әуежайда амбулаториялық лифт бар. Бұл жолаушыларға ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуде маңызды рөл атқарады.

Әуежай әлеуеттеніп келеді

Амбулаториялық лифт мүгедектігі бар азаматтарды әуе кемесінің бортына отырғызуға және түсіруге арналған. Еліміздің заңы және халықаралық стандарт бойынша барлық әуежайда міндетті түрде осындай мамандандырылған арнайы техника болға тиіс.

«Амбулаториялық лифт – жай ғана құрал емес, кешенді техника. Мұндай техника еліміздің басқа қалаларында қолданыста бар. Бірақ олар шетелде шығарылған. Ал біздегі лифт – отандық өнім. «STAHLBAU» ЖШС құрастырған техника облыс әкімдігінің қолдауымен сатып алынды. Алғаш рет Алматы-Семей бағытындағы жолаушылар үшін сынақтан өткізіп көрдік. Енді күнделікті жұмыс істейтін болады», дейді әуежай директоры Ғазизбек Саматов.

Өткен жылдың соңында Семей әуежайы облыс әкімдігінің қолдауымен 110 адамды тасымалдауға арналған заманауи автобусқа қол жеткізген. Автобуста мүгедектігі бар жандардың жайы ескерілген. Осы арқылы олардың кедергісіз қатынауына мүмкіндік жасалған. Жолаушыларды терминалдан ұшаққа және кері жедел тасымалдау жүзеге асырылады.

 

СЕМЕЙ