АСТАНА. 2 мамыр. Украиналық олигарх Дмитрий Фирташ АҚШ-қа экстрадицияланбайды. Мұндай шешімді 30 сәуір күні он сағатқа созылған процестен соң Вена соты қабылдады, деп хабарлады lenta.ru.
Сот процесіне қатысқан Украина Жоғарғы Радасының депутаты Вадим Рабинович өзінің фэйсбуктағы парақшасында судьяның кейбір сөздерін келтірген: «Мен жеке тұлғалардың мыңдаған құжаттарын қарадым, адам құқықтары жөніндегі мамандарды тыңдадым. Істің саяси астары бар, менің шешімім фактілерге негізделген».
Естеріңізге сала кетейік, Дмитрий Фирташқа титан өндіруге рұқсат беретін лицензияға ие болу үшін үнді шенеуніктеріне пара берген деген күдік келтірілген. Алайда, Вена соты АҚШ тарапының кәсіпкерге қатысты дәлелдері жеткіліксіз деген қаулы шығарды. Ал прокурор сот шешіміне қарсы шағымданатынын алға тартты.
Сот отырысы барысында қорғаушылар АҚШ-тың Д.Фирташты қылмыстық жауапкершілікке тарту амалдарының саяси астары бар екенін және бұл қажеттіліктің Құрама Штаттар мен Ресей арасындағы «геополитикалық ойыннан» туындағанын мәлімдеді.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: lenta.ru.
Сурет: ap.org.
• 02 Мамыр, 2015
Австрия Дмитрий Фирташты АҚШ-қа экстрадицияламайды

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25