Оқиға • 21 Қаңтар, 2025

Ақтөбеде бүйрегін сатпақ болған адамға сот үкімі шықты

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласының №2 сотында тірі адамның ағзалары мен тіндеріне қатысты заңсыз мәмілелер жасауға оқталды деген айыппен У- ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде бүйрегін сатпақ болған адамға сот үкімі шықты

Фото: akt.sud.kz 

Өз бүйрегін заңсыз сатпақ болған ер адам бүйрегін 9 миллион теңгеге бағалап, заңсыз келісім жасаған. Ақшаның бір бөлігін алу кезінде құқық қорғау қызметкерлеріне ұсталған.

Ақтөбе соты ақпаратынша оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру шартты жазасы тағайындалды.

Сот бас бостандығынан айырудың барлық тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, оған Қылмыстық кодекстің 44-бабы 2-бөлігіне сай, пробация қызметіне хабарламай, тұрақты тұрғылықты жерінен, жұмысынан, оқуынан кетпеу және ауыстырмау, ойын-сауық құратын жерлерге, мейрамханаларға, дәмханаларға бармау міндеттерін орындауды міндеттеді.

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55