Бокс • 21 Қаңтар, 2025

Сәкен Бибосынов алдағы жаттығуларға қатыспайды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Sport+ арнасына сұхбат беріп, Сәкен Бибосынов пен Асланбек Шымбергеновтің бокстағы болашағы туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Сәкен Бибосынов алдағы жаттығуларға қатыспайды

Фото: Тұрар Қазанғапов

Бас бапкер 51 келідегі ұлттық құрама мүшесі Сәкен Бибосынов алдағы жалпыкомандалық жаттығу жиындарына қатыспайтынын мәлімдеді. 

Париж Олимпиадасынан кейін шаршы алаңға көтерілмеген Асланбек Шымбергеновтің де жоспарларымен бөлісті. 

«Сәкен Азия чемпионаты алдында арқасынан жарақат алып қалған еді, сондықтан ол алдағы жиындарға қатыспайды. Ал Асланбек облыстар арасындағы чемпионатқа назар аудармақ. Бірақ келесі жылы чемпион болып жатса, оны құрама сапынан көруіміз әбден мүмкін», деді Қайрат Сәтжанов.