
Фото: ҚР Зоология институты
«Қызыл кітаптың» жаңа басылымына 217 жан-жануар енгізілген. Бұл жолғы тізім жыртқыш құстар мен қандаланың кейбір түрімен толықтырылған. Бесінші басылымға енген қандаланың кей түрі адамға зиянды емес, керісінше табиғаттағы зиянкестерді жоятын түрі екен.
Осы басылымға кей өсімдіктер мен жан-жануарлардың жаңа атауы топтастырылған.
Ерекше құқықтық кітапта ел аумағында сирек кездесетін жан-жануар, өсімдіктердің мекендейтін, өсетін ортасының картасы қоса көрсетіліп, қорғалады.
«Қызыл кітапқа» енгендердің қатарында ақбас құмай мен құмай құс бар. Қамыс мысығы, қара лашын және шаянның үш түрі де ерекше қорғауға алынып отыр. Ал санының көбеюіне байланысты жан-жануардың 19 түрі тізімнен алынып тасталған. Олардың басым бөлігі - жәндіктер.