
Фото: Ашық дереккөзден
Өйткені, бұйымдардың сапасы күмән тудырып, өндіріс орнының ресми шығу тегі жоқ екені байқалған. Жалған тауарлардың жалпы сомасы 5 600 000 теңгеден асады.
Өз кезегінде Әділет департаменті зияткерлік меншікті қорғау мен контрафактілік өнімнің айналымына жол бермеуге ерекше назар аударып отыр. Контрафактілік өнім құқық иеленушілерге, тұтынушыларға ғана емес, жалпы экономикаға зиян келтіретіні аян.
Қазіргі уақытта аталған іс бойынша барлық материалдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес процессуалдық шешімдер қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Алматы қалалық Әділет департаменті құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау және кәсіпкерлік қызметте заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында зияткерлік меншік саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша жұмысын жалғастырады.