
Ер адам кешке үйіне су әкелу үшін шығып кеткен. Ұзақ уақыт бойы оралмағандықтан, анасы іздей бастайды.
Есік алдында жатқан із оны ауылдағы құдыққа әкелген. Ол баласының суда жатқанын көріп, көршілерін көмекке шақырған.
«19 қаңтар күні Чириковка ауылында су алып жатқан 38 жастағы ауыл тұрғыны құдыққа түсіп кетіп, көз жұмды. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс тіркеді. Тергеу жүріп жатыр», делінген СҚО ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.