Оқиға • 24 Қаңтар, 2025

Степногорск тұрғындарын бопсалап келген күдіктілер ұсталды

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктілердің үнемі жергілікті тұрғындарға, оның ішінде жастарға дене жарақатын салып, қорқытып, ақша талап еткенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.


Степногорск тұрғындарын бопсалап келген күдіктілер ұсталды

Фото: polisia.kz/

Күдіктілер жәбірленушілерді кездейсоқ тапқан, олардың дені жергілікті бизнес қызметкерлері, жүк тасушылар немесе дүкен сатушылары болған. Оның ішінде, олар 24 жастағы қала тұрғынынан 80 мың теңге бопсалаған.

Айта кетейік, бүгінгі таңда үш жәбірленуші анықталған. Полицейлердің хабарлауынша, бопсалаушылар жастарды шағын несие алуға мәжбүрлеп, телефондарын алып қойған.

«Бопсалау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілер қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу шеңберінде күдікті адамдардың басқа деректерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», делінген хабарламада.