
Фото: polisia.kz
ІІМ мәліметінше, «жалған терроризм» фактісі бойынша 48 күдікті ұсталған. Оның ішінде кәмәлетке толмаған 15 бала бар. Осы мазмұндағы жалған хабар берген 13 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Егер «терроризм» туралы жалған хабарламаларды жіберуші қылмыстық жауапкершілік жасына жетпесе балаларды тәрбиелеу шараларын орындамағаны үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
«Терроризм актісіне дайындық туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл, сондай-ақ 5 жылға дейін бостандықты шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», деді ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Алмас Талқанбаев.
Жалған ақпарат салдарынан объектіге зақым келсе, шығынды сот шешімі шыққанда хабар берген азамат өтейді.