Спорт • 24 Қаңтар, 2025

XXXII Дүниежүзілік қысқы универсиада аяқталды

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүбірлі дода Италияның Турин шаһарында осы айдың 13-23 күндері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

XXXII Дүниежүзілік қысқы универсиада аяқталды

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Байрақты бәсекеде ұлттық және жастар құрамаларынан 103 спортшымыз әлемнің үздіктерімен күш сынасып, ел намысын абыроймен қорғады.

Қазақстан студенттері 3 алтын, 4 күміс, 7 қола, барлығы 14 медаль еншілеп, көк байрағымызды жеңіс тұғырларында желбіретті.

Нәтижесінде Қазақстан жалпыкомандалық есепте 57 мемлекеттің арасынан 12 орынға табан тіреді.