Спорт • 24 Қаңтар, 2025

Елімізде спорт ұйымдарындағы спортшылардың жас санаты өзгертілді

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғамдық кеңес «Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықты қарастырып, мақұлдады. Атап айтқанда, құрамаларға қабылдану үшін қажетті құжаттар тізімі өзгертілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде спорт ұйымдарындағы спортшылардың жас санаты өзгертілді

Фото: Getty Images

Енді аккредиттелген спорт федерациялары спортшылардың бірінші және жеке жаттықтырушыларын көрсете отырып, нотариуспен куәландырылған өтініштерді ұсынуға тиіс.

Сонымен қатар спорт резервін даярлайтын және жоғары білікті спортшыларды тәрбиелейтін спорт ұйымдарында спортшылардың жас санын реттейтін бұйрық өзгерді.

Ондағы негізгі өзгерістер:

  • Грек-рим күресі: жастар жасы 18-23-тен 18-20 жасқа, ересектер жасы 23-тен 21 жасқа дейін төмендеді;
  • Дзюдо: жасөспірім шақ жасы 12-18-ден 13-17 жасқа, жасөспірімдер жасы 18-21-ден 18-20 жасқа, жастар жасы 21-23-тен 21-22 жасқа дейін төмендеді;
  • Шорт-трек: балалар жасы 7-10-нан 5-7 жасқа дейін, жасөспірімдер жасы 11-15-тен 8-15 жасқа дейін қысқарды.

Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, ерекше жандарға арналған мамандандырылған мектептерде оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін жас шектеулері алынып тасталды.

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше