Несие • 24 Қаңтар, 2025

Абай ауданының тұрғыны құрбысының атынан несие алған

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай ауданының тұрғыны құрбысының атына жасырын түрде несие алған. Полицейлер алаяқтық фактісі бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Абай ауданының тұрғыны құрбысының атынан несие алған

Аягөз полиция бөлімінің жедел қызметкерлері интернеттегі алаяқтыққа қатысты әдеттен тыс оқиғаның бетін ашты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы қала тұрғыны өзінің құрбысының жеке деректерін пайдаланып, еліміздегі ірі банктердің бірінен 600 мың теңге көлемінде онлайн несие алғаны анықталды.

«Оқиға 2024 жылдың 26 ​​тамызында болды. Күдікті досының деректерін пайдаланып, банкті алдап, айтарлықтай қаржылық шығын келтіріп, несие алған. Тергеу барысында полицейлер іс бойынша маңызды айғақ болған жөнелту түбіртектері мен хат-хабарлардың скриншоттарын тәркіледі», делінген хабарламада.

Аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Полиция азаматтарды жеке мәліметтерін беру кезінде абай болуға шақырып, қаржылық міндеттемелер туралы ақпаратты үнемі тексеріп тұруды ұсынады.

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше