
Фото: Ашық дереккөзден
Қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген 8 жылға сотталды. Ол 2022 жылдың сәуірінде Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған еді.
Алдын ала тергеу бойынша Қ.Құдайберген А. Жұмагелдиевпен («Дикий Арман») бірге «Қазақстан» қонақ үйінде адам жинауды ұйымдастырып, Жұмагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға шақырғаны үшін айыпталған. Сотталушы 10 адамнан «ұяшықтар» бойынша бөліп, топ ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау бергені анықталған.
Содан кейін Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиев жинаған топ алаңға шығып, Жұмагелдиев төңірегіндегі митингілерді біріктіруге, алаңда жедел штаб ұйымдастыруға және билікке бірыңғай талаптар қоюға тырысқан.
Оларға қатысты сот процесі 2023 жылдың қыркүйегінде басталған еді.
Сондай-ақ, Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған ҰҚК бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов 15 жыл 6 айға сотталып, мемлекеттік наградаларынан айырылды.