Қоғам • 28 Қаңтар, 2025

Елімізде алғаш рет отандық тақтатас мұнайы өндіріледі

138 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін елордада Мемлекет басшысының төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов баяндама жасап, Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетіне тоқталды, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде алғаш рет отандық тақтатас мұнайы өндіріледі

Фото: Ашық дереккөз

Үкімет басшысының 2024 жылы ҚазМұнайГаз Қызылорда, Атырау және Ақтөбе облыстарында төрт жоба бойынша бұрғылау жұмыстары бастағанын атап өтті. Бұл жобалардың жиынтық геологиялық ресурстары мұнай эквиваленті бойынша  800 миллион тоннадан асады.

Сонымен қатар биыл алғашқы отанндық тақтатас мұнайы өндіріледі деп күтіледі. Бұл мұнай мен газ саласына инвестициялар тарту үшін қосымша серпін бермек.

«Шикізат қоры шамамен 19 млрд текше метр газды құрайтын «Батыс Прорва» және «Барханная» кен орындарында газ өндіру жұмыстары басталады. Қарағанды облысында жерде сирек кездесетін металдардың 17 түрі бар ірі кен орны табылды. Сонымен қатар осы Қарағанды облысында электромобильдерге арналған батареялар өндірісінде қолданылатын графит концентратын өндіру бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр», деді Олжас Бектенов.

Олжас Бектенов Қашаған мен Жаңаөзенде Газ өңдеу зауыттарының құрылысы әлі де жалғасып жатқанын айтты.

«Қашағандағы екінші Газ өңдеу зауыты мен Қарашығанақтағы Газ өңдеу зауытының жобалау жұмыстарын бастау үшін инвестициялық шешімдердің қабылдануын күтіп отырмыз», деді Үкімет басшысы.

Бұған қосы Олжас Бектенов жалпы Үкіметтің бақылауында екі жүзден астам перспективалы жоба тұрғанын тілге тиек етті.

«Алайда, жекелеген оң нәтижелерге қарамастан, қазіргі экономикалық өсу қарқыны баяу екенін көріп отырмыз. Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуеті бұдан әлдеқайда жоғары. Ол мен айтқан жобалардан да көп болуға тиіс. Бірақ ол үшін еліміз қомақты инвестициялық капитал жасақтап алуы керек», деді О.Бектенов.

Соңғы жаңалықтар