Президент • 28 Қаңтар, 2025

Үкімет пен әкімдерден жаңа, жүйелі әрі тың тәсілдер күтемін – Тоқаев

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауылды дамытуға арналған негізгі міндеттерге арнайы тоқталып, инфрақұрылымды жаңғыртуға және бизнесті қолдауға басымдық берілуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет пен әкімдерден жаңа, жүйелі әрі тың тәсілдер күтемін – Тоқаев

Фото: Ақорда

Президенттің пікірінше, ауылдық аймақтарды жан-жақты дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шараларының бәрін бір бағдарламаға біріктіру дұрыс шешім болмақ, яғни «Ауыл аманаты», «Ауыл – ел бесігі» және тағы басқа бағдарламалар.

«Үкімет пен әкімдерден жаңа, жүйелі әрі тың тәсілдер күтемін. Жалпы, ауыл шаруашылығында шешілмеген мәселелер аз емес. Фермерлер, сарапшылар түрлі түйткілдер туралы жазып жатыр. Мысалы, бордақылау орындары малсыз, жартылай бос тұр, себебі, мал көрші елдерге төмен бағамен сатылып жатыр. Ауылдағы ағайынның тұрмыс сапасына ықпал ететін барлық мәселеге баса мән беру қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар ауыл халқы қаржылық және мемлекеттік қызметтерден қол үзіп қалмауы керек екенін айтылды. Айта кетейік, қазір бұл міндет, негізінен, «Қазпошта» арқылы орындалып жатыр.

Бұл ретте Президент Үкіметке әкімдіктермен бірлесіп, пошта бөлімшелерінің шалғай елді мекендерде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35